Ford Еуропадағы 12 мың қызметкерін жұмыстан босатады

686

Автомобиль жасаушы компанияның мұндай қадамға баруына өндірісті қайта құру бағдарламасы түрткі болып отыр. 

Ford Еуропадағы 12 мың қызметкерін жұмыстан босатады

Bloomberg басылымының хабарлауынша, автоконцерн қызметкерлерінің 20 пайызы жұмыссыз қалады. Жаңа бағдарлама аясында американдық автомобиль жасаушы Ұлыбритания, Ресей, Германия және Франция елдеріндегі кәсіпорындарды жауып тастамақ. 2020 жылдың соңына дейін Еуропадағы 24 зауыттың 6-уы жабылады. 

Ford еуропалық жаңа стратегия аясында жеңіл көліктер мен электромобильдер құрастырмақ. Сонымен қатар автоконцерн бірқатар модельдерді импорттаумен айналысады. 

Еуропалық жаңа бизнес-модель шілденің 1-інен бастап күшіне енеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу