"Форт-Шевченко – Таушық" бағытындағы автожол жаңарып жатыр

159

Қазір аталған учаскелерде асфальт төсеу жұмыстары қарқын алуда.  

"Форт-Шевченко – Таушық" бағытындағы автожол жаңарып жатыр Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында өңірлік маңызы бар "Форт-Шевченко – Таушық" автожолының 55-70 шақырым және 70-85 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейнеубек Әбіловтің айтуынша, жоспар бойынша, 55-85 шақырым аралығындағы жұмыстар 2025 жылдың III тоқсанының соңына дейін аяқталады.

– Бұл жол аймақ тұрғындары үшін аса маңызды. Форт-Шевченко, Таушық және көршілес ауылдарды байланыстырып тұрған негізгі бағыт. Сондықтан орташа жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы ұлттық сапа орталығы мен техникалық қадағалау қызметімен бақылауда. Сонымен қатар, жобаның жалғасы ретінде қарастырылып отырған 85-90 шақырымдық қосымша учаскеде жөндеу жұмыстары тамыз-қыркүйек айларында басталады, – деді Бейнеубек Әбілов.

Айта кетейік, мекеме өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмейтінін және барлық қауіпсіздік талаптары сақталатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу