"ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-тың акционерлерімен 100% акциясын сатып алу туралы түбегейлі келісімге келгенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы мәміленің аяқталуы – реттеуші органдардың, оның ішінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚжДА) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРжДА) тараптарының рұқсаттарын алғаннан кейін күтілуде.
"ForteBank" АҚ пен "Home Credit Bank" АҚ-тың клиенттеріне бұрынғы талаптарда қызмет көрсетіледі, барлық қолданыстағы шарттар күшінде қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу