Форвардтық сатып алу көлемі 63%-ға ұлғайды

928

"Азық-түлік корпорациясы" көктемгі егіс жұмысы кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылай қолдау көрсетеді.  

Форвардтық сатып алу көлемі 63%-ға ұлғайды

Форвардтық қаржыландыру бағдарламасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігімен жүзеге асырылады. Бұл туралы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қанат Қарауылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қаржыландыру ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінімі бойынша ақпан айында басталды. Оның көлемі 40 млрд теңгені құрауға тиіс болды. Сатып алудың жоспарланған көлемі шамамен 770 мың тонна деп есептелді. Былтыр форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді. Яғни қаржыландыру көлемі 63%-ға ұлғайды", – деді Қанат Қарауылов. 

Басқарма төрағасының айтуынша, биыл корпорация сатып алынатын дақылдардың тізбесін кеңейтті. Қаржыландыру 9 дақыл бойынша жүзеге асырылатын болды.

"Форвардтық сатып алу меншікті қаражат есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүреді. Осы мақсат үшін корпорация Ресей биржасына 2,4 млрд рубльдің (шамамен 13,7 млрд теңге) облигациясын орналастырды. "Азық-түлік корпорациясы" шетелдік эмитент ретінде Мәскеу биржасына шыққан алғашқы және жалғыз қазақстандық компания екенін атап өткен жөн. Біз ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында форвардтық қаржыландыруды пайызсыз, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырамыз", – деді Қанат Қарауылов.

Қанат Махамбет  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу