Франция Башар Асадты қамауға алуға ордер берді

249

Франция Сирия президенті Башар Асадты 2013 жылы химиялық қару қолданғаны үшін қамауға алуға ордер берді.

Франция Башар Асадты қамауға алуға ордер берді Фото: REUTERS

Сондай-ақ Сирия ғылыми зерттеу орталығының (SSRC) директоры Ғассам Аббас пен Сирия ұлттық қауіпсіздік және коммуникация қызметінің басшысы Бассам әл-Хасанды тұтқындауға да ордер берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

2013 жылдың тамыз айында Сирияның Дума қаласы мен Шығыс Гута аймағында мыңнан астам адамның өмірін қиған химиялық қарудың қолданылу мән-жайын тергеуді Париж сотының арнайы бөлімі 2021 жылдан бастап жүргізіп келеді.

ВВС-дің мәліметінше, француз сотындағы топтық шағымды Сирияның БАҚ және сөз бостандығы орталығы (SCM), заңгерлер қауымдастығы ашық қоғам әділет бастамасы (OSJI) және Сириядағы адам құқықтарының бұзылуын құжаттайтын Сирия мұрағаты жүргізген.

Бұл Сирия басшысын тұтқынға алу туралы алғашқы халықаралық ордер және Сирия режимінің химиялық қару қолдануына байланысты көтерілген бірінші іс.

Құжатта Асад пен оның серіктерінің адамзатқа қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстарға қатысы бар екені айтылған.

Сирия билігі 2011-2020 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде тыйым салынған қаруды, соның ішінде химиялық қаруды қолданғанын жоққа шығарып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу