Франция электронды темекіге тыйым салады

286

Елде шылым шегу салдарынан жылына 75 000 адам қайтыс болады.

Франция электронды темекіге тыйым салады Фото: Getty Images

Франция премьер-министрі Элизабет Борн елде бір реттік вейпке тыйым салу жоспарланып отырғанын мәлім етті. Оның пікірінше, электронды темекі жастарды зиян әдетке үйір етеді.

Борн елдегі шылым шегумен күрес жөніндегі ұлттық жоспар аясында енгізілетін бұл шектеу қашан күшіне енетінін нақтылаған жоқ. Ол Франция үкіметі жақында темекімен күресуге арналған жаңа жоспар ұсынатынын мәлімдеді.

Бұл жоспарда жастарды жаман әдетке бейім қылатын бір реттік вейптерге тыйым салынбақ. Бұл елде темекіні насихаттау, тіпті жарнама жасауға да шектеу қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу