Франция Қазақстандағы жылқы етіне қызығушылық танытып отыр

660

Француздар жылқы етін тұтынады. 

Франция Қазақстандағы жылқы етіне қызығушылық танытып отыр Фото: Inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында Францияға жылқы етін экспорттауға қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше француздармен жылқы етінің экспорты жөнінде сөйлестік. Себебі Франция жылқы етін тұтынатын ел. Бізде Жапонияға жылқы етін жіберетін 32 жеткізуші бар. Францияға да жеткізу көлемін арттыру керек", - деді министр.

Серік Жұманғариннің сөзінше, кеше француз делегациясына жылқы еті ұсынылды.

Тілшілер ведомство басшысынан жылқы етінің экспорт көлемінің артуынан ішін нарық жапа шекпей ме деп сұрады.

"Биыл жылқы еті бойынша өте жақсы көрсеткіштер байқалады. Жылқы басының саны да артып келеді. Бізде негізгі азық-түлік тұқымдары батыста шоғырланған. Біз енді Ақтөбедегі ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында жылқы шаруашылығымен ғана айналысатын жеке мал шаруашылығы институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу