Франция Литваға 18 CAESAR гаубицасын жеткізеді

486

Франция мен Литва Вильнюске 18 Caesar француз гаубицасын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.   

Франция Литваға 18 CAESAR гаубицасын жеткізеді Фото: img7.eadaily.com

Бұл туралы бейсенбіде Франция Қорғаныс министрлігінің басшысы Себастьян Лекорню хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Литва Қорғаныс министрлігінің басшысы Арвидас Анушаускастың Парижге сапарына орай біз Франция мен Литва арасындағы қорғаныс саласында, әсіресе артиллерия саласында қарым-қатынастарды нығайту туралы келісімге қол қойдық", - деді министр Twitter-де.

"Осы тұрғыда Литваның Қорғаныс министрлігі француздық Nexter өндірушісімен 18 Caesar гаубицасын жеткізу туралы келісімге қол қойды", - деді ол.

Бұған дейін Киевке іс-сапармен келген Францияның Қорғаныс министрі Себастьян Лекорню Зеленскиймен келіссөздерден кейін Париж Украинаға қару-жарақ пен әскери техниканы француз өндірушілерінен тікелей сатып алуға мүмкіндік беретін 200 миллион еуро қорын құратынын хабарлағанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу