Франция мен Швейцарияда аптап ыстықтан АЭС жұмысы уақытша тоқтатылды

361

Аймақта аптап ыстық қайтпай тұр. 

Франция мен Швейцарияда аптап ыстықтан АЭС жұмысы уақытша тоқтатылды Фото: habr

Швейцария мен Франциядағы бірнеше атом электр станциялары аптап ыстыққа байланысты қуатын азайтуға немесе жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның жазуынша, АЭС реакторларын салқындату үшін өзендер мен теңіздерден су алынады, кейіннен ол жоғары температурамен кері жіберіліп отырады. Бірақ та, аптап ыстық салдарынан өзеннен алынатын судың өзі тым жылы болғандықтан, бұл салқындату процесін қиындатады.

Швейцариядағы Бецнау атом электр станциясын басқаратын Axpo компаниясы 2 шілде күні бір реакторды тоқтатқанын мәлімдеді. Тағы екінші реактор шектеулі қуатта жұмыс істеп тұр.

"Axpo компаниясы судың жоғары температурасына байланысты Бецнау АЭС-індегі екі реактордың қуатын біртіндеп азайтты. Ал жексенбі күні бұл көрсеткішті 50%-ға дейін төмендетті", – деді оператор.

Бецнау АЭС-індегі реакторлар Аре өзенінің бойында орналасқан. Соңғы күндері өзен суының температурасы 25°C-қа дейін жетті. Нәтижесінде станция жұмысына шектеу қойылды.

30 маусым күні Францияның оңтүстігіндегі Гольфеш АЭС-і де жұмысын уақытша тоқтатты. Аймақта қатты ыстық болатыны туралы ескерту жарияланды. Жергілікті өзен температурасы 28°C-қа дейін жетуі мүмкін екені де айтылды.

Францияда жалпы саны 18 АЭС-те 57 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. EDF компаниясының мәліметінше, елдегі электр энергиясының шамамен 65%-ы атом көздерінен алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу