Франция президенті Астанаға неге бет бұрды?

243

Үнемі Нигерден уран алып отырған Франция ондағы көтерілістен кейін өз ықпалынан айырылып, енді Қазақстанның пайдалы қазбасына көз тігіп отыр.

Франция президенті Астанаға неге бет бұрды? Фото: Anadolu Agency

Макрон Орталық Азияда "достар мен уран" табуға тырысады. Франция президенті ресейлік отынға тәуелділіктен бас тартқысы келеді, деп жазады Bloomberg Үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, бұрын Нигерден уран сатып алып отырған Франция төңкерістен кейін оның басқа көздерін іздеуге кірісті.

"Тағы бір мотив — Франция бұрынғы кеңестік республикалардың Ресейге деген тәуелділігі арта түседі деп сескенеді", — делінген материалда. Макронның Қазақстанға сапары Париждің ынтымақтасқысы келетінін еске салуы тиіс. "Орталық Азия елдерінің Украинадағы қақтығысқа екіжақты көзқарасы" Макронға одақтастарды іздеуде қолғабыс болары сөзсіз. 

Дереккөздердің айтуынша, Қазақстан үшін бұл ынтымақтастық жақсы мүмкіндік болмақ, өйткені Украинадағы соғыс басталғаннан кейін G7 Орталық Азиямен уран алу бойынша "әріптестікті нығайта" бастады. "Қытай мен Ресей арасында қысылып қалған елдердің теңізге де шыға алмайтынын ескеру керек", — деді дереккөз.

Ертең, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келетінін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу