Франция Президенті Луврдан ұрланған корольдік қазыналарды қайтаруға уәде берді

240

Эммануэль Макрон Лувр мұражайынан ұрланған корольдік зергерлік бұйымдардың түгел қайтарылатынын мәлімдеп, бұл оқиғаны ел тарихына жасалған соққы деп бағалады.  

Франция Президенті Луврдан ұрланған корольдік қазыналарды қайтаруға уәде берді Фото: ТАСС

Париждегі Луврдан Наполеон І мен императрица Евгения де Монтихоға тиесілі 9 бұйым ұрланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олардың қатарында алқа, брошь, тәж және өзге сәндік заттар бар. Қылмысқа байланысты 4 күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

Тергеу дерегіне сай, ұрланған заттардың бірі – императрицаның тәжіне қатысты бұйым – қаптамасымен бірге оқиға орнына жақын жерден табылған. Макрон әлеуметтік желідегі үндеуінде ұрлықты ұлттық мәдени мұраға жасалған шабуыл деп атады. Бұл жағдай Францияда мұражайлар мен тарихи жәдігерлердің қауіпсіздігін күшейту мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу