Франция президенттігіне үміткер Макронға жұмыртқа лақтырды

896

Франция президенттігіне үміткер Макронға жұмыртқа лақтырды

Белгісіз адам Франция президенттігіне үміткер Эмманюэль Макронға жұмыртқа лақтырды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Оқыс оқиға Э.Макрон Парижде ауыл шаруашылығы көрмесінде жүрген кезде болды.

Телеарнадан жұмыртқа француз саясаткерінің маңдайына тигені көрсетілген.

"Біз өзекті мәселелерді шешуді ұсынамыз және оны талқылауымызға дайынбыз. Кейбір мәселеде  пікіріміз алшақтаса, онда біреу дереу жұмыртқа лақтыра бастайды... Бұл Францияның саяси өмірінің бөлшегі және ол ылғи да солай болып келді", – деді оқиғаға пікір білдірген Э.Макрон.

Бұл Макронның өміріндегі алғашқы келеңсіз жайт емес. 2016  жылдың жазында экономика министрі ретінде Париж маңына сапарлаған кезінде де оған жұмыртқа лақтырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу