Франция ресейлік газға тәуелді емес – Макрон

594

Ресми Париж басқа елдерден газ сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Франция ресейлік газға тәуелді емес – Макрон

Франция Ресей Федерациясының газына тәуелді емес. Ел Президенті Эммануэль Макрон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еуропа Ресей газына тәуелді. Бірақ Франция оған мұқтаж емес", – деді ол. 

Макронның айтуынша, қазір ресми Париж басқа елдерден газ сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Франция Президенті жақын арада АҚШ Президенті Джо Байденмен және еуропалық серіктестермен Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар салу жағын талқылайтынын жариялады.

8 сәуірде Эммануэль Макрон Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздерді жалғастыруды өзінің міндеті деп атаған болатын. Сонымен қатар ол бейбіт келісімге қол жеткізілген кезде Украинаның қауіпсіздігінің кепілі болуға дайын екенін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу