Франция Үкіметі мемлекеттік мекемелердің үштен бірін қысқартады

117

Жергілікті билік ұйымдардың үштен бірін біріктіреді немесе таратады.  

Франция Үкіметі мемлекеттік мекемелердің үштен бірін қысқартады Фото: Reuters

Қоғамдық есеп министрі Амели де Мончалиннің сөзінше, француз үкіметі жыл соңына дейін ақшаны үнемдеу мақсатында мемлекеттік органдардың үштен бірін біріктіруді немесе жоюды ұсынбақ. Елде тек жоғары оқу орындары ғана қалыпты жұмыс істей береді.

Ол бұл туралы француздық CNews/Europe 1 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша француз үкіметі 3 млрд доллар үнемдемек. Қазір Францияның бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына тең. Билік бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 3 пайызға дейін төмендетуді көздейді.

Қаржы министрі Эрик Ломбард үкімет келесі жылы қаржылық шығындарды 40 миллиард еуроға қысқартуға тырысатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу