Франция үкіметі Палестинаны қолдайтын шерулерге тыйым салды

852

Билік бұл қоғамды тәртіпті бұзуы мүмкін деген уәж айтып отыр. 

Франция үкіметі Палестинаны қолдайтын шерулерге тыйым салды Фото: www.pravda.com.ua

Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин Палестинаны қолдайтын барлық шерулерге тыйым салуды бұйырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Франция ақпарат құралдарының хабарлауынша, ішкі істер министрі Дарманин Telegram желісінде мұндай шерулер "қоғамдық тәртіпті бұзуы мүмкін" деген хабарлама қалдырған. Сондықтан губернаторларға Палестинаны қолдайтын барлық шерулерге тыйым салуды тапсырған.

Сонымен бірге Франция үкіметі осы тыйым салынған шерулерге қатысқандарды қамауға алуды тапсырды.

Алайда жергілікті билік әртүрлі қалаларда Израильді қолдайтын шерулерге рұқсат етсе, осы аптада алдымен Лион, Марсель және Парижде Палестинаны қолдайтын шерулерге "қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар" деген себеппен тыйым салды.

Дегенмен Лионда губернатордың тыйымына қарамастан Палестинаны қолдайтын шеру өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу