Франция зейнет жасын көтеру жөніндегі реформаны қабылдады

881

Оны 195 депутат қолдап, 112-сі қарсы дауыс берді. 

Франция зейнет жасын көтеру жөніндегі реформаны қабылдады Фото: RFI

Франция Сенаты зейнет жасын көтеру жөніндегі заң жобасын мақұлдады.  Ел президенті Эммануэль Макрон ұсынған реформаға сәйкес, азаматтардың зейнет жасы 2030 жылға дейін біртіндеп 64 жасқа дейін көтерулі тиіс. Ал еңбек жолын 20 жасында бастап, 43 жыл еңбек еткен адамдарға өз еркімен 63 жасында шығуға болады. 

Бұл реформа қаңтар айында парламентке ұсынылғалы бері Францияда толқулар өтіп жатыр.  Париж, Ницца, Тулуз, Тулон, Лорьян сынды қалаларда мыңдаған адам наразылық акцияларын ұйымдастырды. Өткен аптадағы соңғы акцияға 1,3 млн адам қатысыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу