Франция "Жасыл экологияға" жыл сайын 500 млн евро бөлетін болады

856

Ол осы аптада қабылданған өнеркәсіп секторын жасылдандыру заңының аясында жүзеге асырылмақ. 

Франция "Жасыл экологияға" жыл сайын 500 млн евро бөлетін болады Фото: GMK Center

Франция билігі экологиялық таза жобаларға арнап, жыл сайын жарты миллион евро несие бөліп тұратын болады. Бұл туралы Францияның қаржы министрі Брюно Ле Мэр мәлімдеді.

"Жасыл кредит" 2025 жылға дейін беріліп, шамамен 23 миллиард евро инвестиция тартуы тиіс. Сондай-ақ 40 000 жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Жасыл несие өнеркәсіп саласындағы компаниялардың, жел және күн электростанцияларын, жылу сорғылары мен батареяларын жаңартуға жұмсалуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу