Францияда 150-ден астам адам қамауға алынды

360

Олар – жасөспірімді полиция атып тастаған соң, қала көшелеріне наразалыққа шыққандар.

Францияда 150-ден астам адам қамауға алынды Фото: AFP

Франция президенті Эммануэль Макрон Министрлер кабинетімен шұғыл кездесу өткізді. Оған себеп – елдегі екі тәулікке жалғасқан ереуіл. Солтүстік Африкалық 17 жастағы бозбаланы полиция атып тастаған соң, елде жаппай наразылықтар басталды. Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.

Бейсенбіге қараған түні 150-ге жуық тұрғын қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин мәлімдеді. Оның айтуынша, наразылық білдірушілер көліктерді өртеп, витриналар мен ғимараттарды қиратып жатыр.

Ал, құқық қорғау ұйымдары француз полициясын жүйелі нәсілшілдік үшін айыптады, бірақ Франция билігі бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспейді.

Жасөспірімді атқан полицейлер қазір тергеуде. Бейсенбіде прокурорлар жасөспірімге қарсы қару қолдану заңсыз деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу