Францияда 5 бірдей банкке қатысты тергеу басталды

353

Францияда бес бірдей банкке қатысты тергеу жүргізіле басталды. Олар салық төлемдері бойынша алаяқтық жасады деген күмән бар.   

Францияда 5 бірдей банкке қатысты тергеу басталды Фото: REUTERS

Бұл туралы елдің ұлттық қаржылық прокуратурасына сілтеме жасап, Le Figaro газеті жазады. 

Басылымның мәліметінше, тергеу операциясына Францияның экономика мен қаржы министрліктерінен 150 тергеуші, 16 француз және и 6 неміс сот органдарының өкілдері жұмылдырылған. Күмәнға іліккендер ішінде Societe Generale, BNP Paribas, Exane, Natixis және HSBC банктері бар.

Олар салық төлеу мерзімі кезінде Француз компанияларының акцияларын иемденген шетелдік салымшылар мен инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын сақтап, салықтық төлеуден жалтаруға көмектесті деп айыпталған. Алаяқтықтан келген шығын 140 млрд евроға бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу