Францияда аптап ыстықтан адам өлімі артты

170

Қайтыс болғандардың 85 пайызы 65 жастан асқан азаматтар.

Францияда аптап ыстықтан адам өлімі артты Фото: tass.ru

Францияның қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық агенттігінің дерегіне сүйенген Euronews мәліметінше, елде қатты ыстық салдарынан адам өлімі жиілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әсіресе жоғары температура тіркелген өңірлерде өлім көрсеткіші әдеттегіден айтарлықтай артқан.

"24 маусымнан бері алдыңғы айлардағы өлім санымен салыстырғанда шамамен 1000 қосымша өлім тіркелді" – деп жазылған Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің мәлімдемесінде.

Аптап ыстық елдің Иль-де-Франс, Жаңа Аквитания, Бретань, Луара аңғары, Нормандия және Пеи-де-ла-Луар аймақтарына қатты әсер еткен. Кей өңірлерде температура 40°C-тан асқан.

Ауруханалар мен жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктеме күрт артқан. Парижде демалыс күндері жедел қызметке салмақты азайту мақсатында қоғамдық орындарда ішімдікке шектеу енгізілді.

Метеорологтардың мәліметінше, аптап ыстық шығысқа қарай жылжып, елдің солтүстік-шығыс аймақтарында әлі де сақталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу