Францияда ата-аналарға балаларының суретін жариялауға тыйым салынуы мүмкін

430

Француз парламентшілері интернеттегі балалардың жеке өмірін қорғау үшін шаралар қабылдауда.  

Францияда ата-аналарға балаларының суретін жариялауға тыйым салынуы мүмкін Фото: hvylya.net

Олар сейсенбіде гаджеттерді шамадан тыс пайдаланумен байланысты денсаулыққа келтірілетін зиянға қатысты заң жобасына дауыс береді деп күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутаттар 20 наурыз, дүйсенбіде Бруно Штудер ("Ренессанс" Макрон партиясынан) ұсынған кәмелетке толмағандардың бейнелеу құқығы туралы заң жобасымен бірауыздан келісті.

Енді Сенат қарастыруы керек құжат балаларды жеке фотосуреттер мен видеоларды желіге, соның ішінде әлеуметтік желіге, салатын кейбір ата-аналардан қорғауға бағытталған.

Түзетулер Азаматтық кодексте ата-ана құқықтарын анықтауға "баланың жеке өмірі" ұғымын енгізеді және кәмелетке толмағандардың өміріне қатысты кез-келген ақпаратты тарату құқығын екі ата-ана бірлесіп жүзеге асыратынын нақтылайды. Егер келіспеушілік туындаса, сот олардың біреуіне баланың суреттерін жариялауға тыйым салуы мүмкін.

Бруно Штудер заң жобасы ата-аналардың құқықтарын кеңейтуге әрі кәмелетке толмағандардың құқықтарын нығайтуға бағытталғанын түсіндірді. Соған сәйкес ата-аналардың балалардың жеке өмірін жариялауға толық әрі абсолютті құқығы жоқ.

Парламентарийлердің айтуынша, 13 жасқа дейінгі балалардың фотосуреттері интернетте жарияланған орта есеппен 1300 фотосуретте пайда болады, ал балалар порнографиясы форумдарында бөлісілген фотосуреттердің 50%-ын ата-аналардың өздері әлеуметтік желілеріне салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу