Францияда блогерлердің қызметі реттелетін болды

296

Заң бұзғандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Францияда блогерлердің қызметі реттелетін болды Фото: Daily mail

Франция Еуропада алғашқы болып инфлюенсерлер мен блогерлердің қызметін реттейтін коммерциялық ықпал туралы заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазір елде бұл салада 150 мың адам жұмыс істейді. Заң осы нарықтың құқықтық негізін бекітіп, жарнама қызметін реттейді. Жаңа ереже бойынша барлық жарнамалық ақпардың арнайы белгісі болуы керек. Коммерциялық мақсаттағы хирургия және эстетикалық медицинаны жарнамалауға болмайды. Материалдағы өңделген бейнежазбалар мен фотолар таңбалануға тиіс.

Заң бұзғандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 300 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін. Нарықты Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық қызмет қадағалайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу