Францияда Эбола безгегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

336

Қауіпті вирус Конго Демократиялық Республикасы аумағындағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден анықталды.  

Францияда Эбола безгегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді Фото: Chine Nouvelle/Sipa

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас дереу оқшауланып, арнайы клиникаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәрігерлер эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын бастап, науқаспен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Дәрігермен байланысқа түскендердің барлығы 21 күн бойы өзін-өзі оқшаулап, медициналық бақылауда болады.

Франция билігі вирустың ел аумағында және жалпы Еуропа бойынша кең таралу қаупі өте төмен екенін мәлімдеді. Мамандар мұны аурудың дер кезінде анықталып, қажетті қауіпсіздік шараларының қабылдануымен байланыстырады.

Қазіргі таңда Эбола індеті негізінен Конгоның солтүстік-шығысындағы Итури провинциясы аумағында таралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу