Францияда Google-ге 500 млн еуро көлемінде айыппұл салынды

776

Корпорация бүкіл процесс барысында адал әрекет еткенін айтып, айыппұл көлемін сынға алды.  

Францияда Google-ге 500 млн еуро көлемінде айыппұл салынды

Францияның монополияға қарсы қызметі америкалық Google компаниясына Google News қызметіндегі авторлық құқықты бұзғаны үшін 500 млн еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Технологиялық алпауыт Францияның жетекші жаңалық баспагерлерімен контентті пайдаланғаны үшін төлейтін өтемақы мөлшері туралы ортақ келісімге келе алмады, осылайша компания монополияға қарсы органның уақытша бұйрығын орындамады. Құжатта Google кез-келген баспагердің өтініші бойынша үш айдан кешіктірмей келіссөздер жүргізуі керек деп жазылған болатын. 

Google бүкіл процесс барысында адал әрекет еткенін айтып, айыппұл көлемін сынға алды.  

Монополияға қарсы органның басшысы Изабель де Силва болса компания өз міндеттемелерін орындамады деп санайды. "Орган компания үшін міндеттеме белгілеген кезде, ол мұқият орындалуы керек еді. Өкінішке қарай, компания олай істемеді",–  деді де Силва.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу