Францияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

589

Францияға ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.    

Францияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Фото: akorda.kz

Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. 

"Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция Президенті Эммануэль Макрон қарсы алғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу