Францияда қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды

302

Елде бірнеше тәулік бұрын басталған жауын-шашын салдарынан су тасқыны қаупі өршіп тұр.

Францияда қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды Фото: euronews.com

Францияның оңтүстік аймағы су астында қалды. Әсіресе, Эро департаменті аталатын елдімекен қатты зардап шекті.

Осыған байланысты, жергілікті билік қауіптің "қызыл" деңгейін жариялады. Электр қуаты істен шығып, әлеуметтік нысандар зардап шеккен. Ресми Париж қазір іздестіру-құтқару жұмыстары басталғанын хабарлады. Ауа-райының қолайсыздығы, метеорологтар болжамынша, әлі бірнеше тәулікке жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу