Францияда көлік саласының жұмысшылары бас көтеруде

952

Ереуілдерге үкіметтің 42 зейнетақылық режимнің күшін жою туралы жоспары түрткі.

Францияда көлік саласының жұмысшылары бас көтеруде

Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық шаралары етек жайып келеді. Оның салдарынан қала көшелеріне шықпаған бейбіт тұрғындар жұмыстарына жете алмай әлек болуда. Бірақ жергілікті билік жеңіл көліктері бар адамдарға такси мен автобусқа арналған жолмен жүруге рұқсатын берген. 

Әсіресе ереуілдердің зардабын Париж қаласы тартып отыр. Мұнда 16 метро желісінің 10-ы жабылған. Яғни тек жүргізушісі жоқ, яғни өздігінен басқарылатын тармақтары жұмыс істеп тұр. Елдің ұлттық темір жол компаниясы пойыздарының тек 20% жолаушыларға қызмет көрсетуде. 

Айта кетейік, Франциядағы жалпыұлттық ереуіл 5 желтоқсанда басталған болатын. Ереуілдерге үкіметтің 42 зейнетақылық режимнің күшін жойып, бірқатар мамандық иелеріне зейнеткерлікке ерте шығу және жоғары зейнетақы алу мүмкіндігінен айыру туралы жоспарына қарсы. Бас көтерулердің салдарынан мектептер жабылып, ішкі және сыртқы әуе рейстері кейінге шегерілген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу