Францияда колониялық құлдық жылдарындағы залалдар үшін компенсация төлеу ұсынылды

1004

Францияда колониялық құлдық жылдарындағы залалдар үшін компенсация төлеу ұсынылды

Францияның ұлттық жиналысының депутаты Сесиль Дюфло парламентке жүздеген жылдарға жалғасқан құл саудасы мен колониялық құлдық үшін төлем төлеуге арналған заң жобасын ұсынды. Бұл туралы RT хабарлайды.

Аталған заң жобасында Францияның өз колонияларын пайдалану мен құл саудасы жауапкершілігін мойынына алғаны атап өтілген. Алайда, бұл, саясаткердің пікірінше, тым жеткіліксіз.

"Францияда репарация төлеу мәселесі әлі күнге шешім таппаса да, мұның әділдік ұғымына түбірімен қайшы келетінін айтқан жөн. Бұдан қашуға болмайды" делінген құжатта.

Сондай-ақ, онда репарация төлеуден бас тартудың бұған дейін жасалған зұлымдықтардың қылмыстық сипатын жоққа шығару болатыны да айрықша аталған.

Мәселе көтерушінің айтуынша, Франция өткен шақтағы қателіктерін мойындауға тиіс және өзінің адам құқығының Отаны атауына лайық болуға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу