Францияда ресейлік олигархтың вилласы қамауға алынды

465

Осы елде Ресей Федерациясының олигархтарына қатысты барлығы 17 іс тергелуде. 

Францияда ресейлік олигархтың вилласы қамауға алынды Фото: seychas.info

Францияда алдын-ала мәліметтер бойынша ресейлік олигарх Виктор Рашниковқа тиесілі болуы мүмкін 23 миллион еуролық вилла тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz.

Францияда сот алғаш рет қылмыстық іс бойынша ресейлік олигархқа тиесілі вилланы қамауға алды. Ол "Магнитогорск металлургия комбинатының" директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Рашниковке тиесілі, деп хабарлайды Le Monde газеті. Вилланың құны 23 миллион еуроға бағаланады, ол Ницца маңындағы Сент-Жан-Кап-Ферра жағалауындағы коммунада орналасқан.

Басылым жазғандай, вилла 2022 жылдың қазан айында Париж прокуратурасының ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшесі Junalco-ның өтініші бойынша қамауға алынды. Тергеушілер вилланың сатылымға шығарылғанын айтады. Ал мұндағы сатушы - Панамада тіркелген ірі компанияға тиесілі швейцариялық фирма. Junalco бұл құрылымдар Рашниковпен байланысты деп санайды, ал вилланы сатып алуға Ресей Федерациясының азаматы ниет білдірген. Құны 17 миллион еуро болатын мәміле (барлық салықтар мен алымдарды төлегеннен кейін) ақыры тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу