Францияда Тоқаев пен Макрон туралы мақала жарияланды

359

Француз бұқаралық ақпарат құралының Қазақстанға қызығушылық танытуы бекер емес.

Францияда Тоқаев пен Макрон туралы мақала жарияланды Фото: видеодан скрин

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның Астанадағы кездесуі туралы мақала француздың әйгілі Лессансьéль журналының кезекті шығарылымында жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Халықаралық қатынастағы маңызды құндылық" деп аталатын мақалада Макронның Қазақстанға ресми сапары мен екі елдің даму мүмкіндіктері айтылған. Автор белгілі саясаткерлердің пікірлерін де сарапқа салған.

Мәселен, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы ауқымды реформаларға тоқталса, өзге де білікті мамандар экономика бағытындағы стратегиялық жоспарымен бөліскен, деп хабарлады "Хабар 24".

"Француз бұқаралық ақпарат құралының Қазақстанға қызығушылық танытуы бекер емес. Олардың тараптар арасындағы қатынасты талқылауы, екі елдің мүмкіндіктерін арттыра түскендей. Тағы да атап өткім келеді, бұл сапар Франция мен Еуропаның неліктен Орталық Азиямен байланыс орнатуға ниетті екенін ұғындырды. Экономикалық бағыттағы дипломатиялық сапар деуге болады, енді мәдениет саласы бойынша қатынасты нығайту керек", - деді Еуропадағы талдау және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу