Францияда үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp қолдануға тыйым салынды

274

Шенеуніктер 8 желтоқсаннан кешіктірмей отандық Olvid хабар алмасу қосымшасын орнатуы қажет. 

Францияда үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp қолдануға тыйым салынды Фото: Shutterstock/FOTODOM

Францияда үкімет мүшелеріне Telegram, WhatsApp және Signal қолданбаларын пайдаланбауға нұсқау берілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты француздың Le Figaro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, премьер-министр кеңсесінен жіберілген нұсқаулықта үкімет өкілдерінен телефондарындағы Telegram, WhatsApp және Signal хабар алмасу қолданбаларын жою сұралған.

Құпия ақпараттар айтылатын кеңестердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нұсқаулықта үкімет мүшелері Olvid отандық хабар алмасу қосымшасын 8 желтоқсаннан кешіктірмей орнатуы қажет екені ескерілген.

Бұдан бөлек, құжатта Olvid қосымшасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттік (ANSSI) беретін "бірінші деңгейлі қауіпсіздік сертификатын алған жалғыз қосымша" екені де айтылған.

Айта кетейік, Olvid компаниясын 2019 жылы француз киберқауіпсіздік сарапшылары жасап шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу