Францияда жаппай тәртіпсіздік: 1200 адам ұсталып, 150 полицей жарақат алды

334

Бетперде киген адамдар көліктерді өртеп, дүкендерді тонады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Францияда жаппай тәртіпсіздік: 1200 адам ұсталып, 150 полицей жарақат алды Фото: Kiran Ridley/ AFP

17 қазанда Францияның түкпір-түкпірінде 550 мыңнан астам адам тұрмыс құнының қымбаттауына және білім беру жүйесіндегі мәселелерге қарсы шеруге шықты. Бірқатар қалада наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. 

Париждің әкімі Эмманюэль Грегуар қаланың тұтас көшелері "жаппай әрі жүйелі түрде қиратуға ұшырағанын" мәлімдеді. Лионда туристік ақпарат орталығы өртенсе, Лимож қаласында 140 жылдан астам тарихы бар мэрия ғимаратына өрт қойылды. 

17 қазан күні кешке Франция үкіметі шұғыл жиын өткізді. Премьер-министр Себастьян Лекорню тәртіпсіздіктерге "аса солшыл топтарды" кінәлап, болған оқиғаны "аса жоғары деңгейдегі зорлық-зомбылық" деп бағалады. Франция президенті Эмманюэль Макрон ғимараттар мен дүкендерді қиратқан, оларды тонаған адамдардың жауапқа тартылып, жазаланатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу