Франциядағы дәрігерлер бір апталық ереуілге шықты

406

Жеке тәжірибені жүргізетін француз дәрігерлері 26 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін науқастарды қабылдау ақысын екі есе көбейтуді талап етіп ереуілге шықты.

Франциядағы дәрігерлер бір апталық ереуілге шықты Фото: newsinfrance.com

Бұл туралы Inbusiness.kz BFMTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Дәрігерлер дүйсенбіден бастап қабылдау ақысын €25-тен €50-ге дейін көтеруді, сондай-ақ олардың еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп, кеңселерін жабуға шақырады", - дейді телеарна.

Ал 7 желтоқсанда Францияның SNCF теміржол компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу