Франциядағы ереуілдер салдарынан 50-ден астам танкер Фос-сюр-Мер шығанағында тұрып қалды

444

29 наурызда Фос-сюр-Мердегі мұнай базасындағы ереуілдер туралы BFM TV хабарлады. 

Франциядағы ереуілдер салдарынан 50-ден астам танкер Фос-сюр-Мер шығанағында тұрып қалды Фото: Agence France-Presse.

Француз коммунасындағы докерлердің, порт жұмысшылары мен терминал қызметкерлерінің ереуілдеріне байланысты 50-ден астам танкер Фос-сюр-Мер шығанағында тұрып қалды, деп жазады inbusiness.kz EADaily сайтына сілтеме жасап.

Көп ұзамай ереуілшілермен келіссөздер жүргізіліп, олар наразылық акцияларын тоқтатты, бірақ сол сәтте өңірдегі үш мұнай өңдеу зауытында қызметкерлер ереуілге шықты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, наразылықтардың жаңа толқыны Францияда 6 сәуірде басталады. Жұмысшылардың 70%-дан астамы наурыз айынан бастап өз наразылығын білдіріп келеді. Айдың ортасынан бастап наразылық білдірушілер инфрақұрылым нысандарын, логистикалық орталықтарды, көпірлерді, әуежайларды жауып тастай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу