Франциядағы шеру: 108 полицей жараланып, 291 адам ұсталды

447

Зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциялары 1 мамыр күні жалғасын тауып, полицейлер мен қарсылық білдірушілердің қақтығысымен аяқталды.

Франциядағы шеру: 108 полицей жараланып, 291 адам ұсталды Фото: WSWS

Франциядағы мамыр айының бірінші наразылығында кем дегенде 108 полиция қызметкері жарақат алды, 291 адам тұтқындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ереуілге қатысушылардың басты талабы - президент Эммануэль Макрон кәсіподақтардың қарсылығына қарамастан жүргізіп жатқан зейнетақы реформасының күшін жою.

Франция ІІМ мәліметтері бойынша, 1 мамырдағы демонстрацияларға 780 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде Парижде 110 мыңға адам жиналған. Алайда, Францияның ең ірі "Жалпы Еңбек конфедерациясы" (CGT) кәсіподағы көшеге билік мәлімдегеннен үш есе көп адам шыққанын айтады.

Шеру негізінен бейбіт түрде өтті, бірақ алайда наразылық білдірушілердің кейбіреулері полиция қызметкерлеріне жанғыш қоспасы бар бөтелкелер мен отшашуларды лақтыра бастаған. Оғаг полиция су атқыштар мен көзден жас ағызатын газбен жауап берді. Қанша демонстрант жарақат алғаны туралы хабарланған жоқ.

Қақтығыстар Францияның бірнеше басқа қалаларында, соның ішінде Лионда, Тулуз бен Нантеде болды, онда қарсылық білдірушілер көліктерді өртеп, дүкендерді қиратқан. Сондай-ақ, елдің оңтүстігіндегі Марсель қаласындағы қонақүйді қысқа уақытқа басып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу