Франциядағы тәртіпсіздіктер кезінде мыңға жуық адам ұсталды

787

Франция ІІМ мәліметтері бойынша, өткен түні болған тәртіпсіздіктерде 994 адам ұсталды, бірақ дүрбелең басылды. 

Франциядағы тәртіпсіздіктер кезінде мыңға жуық адам ұсталды Фото: LiveJournal

Францияның құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктердің төртінші түнінде 994 адамды ұстады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі Twitter-де хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, наразылық білдірушілермен болған қақтығыстарда 79 полиция қызметкері жарақат алған. Алайда дүрбелең бүкіл ел бойынша қауіпсіздік күштерін жұмылдырудың арқасында біраз басылды, деп атап өтті ІІМ.

Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен түнде Париждің батысындағы Мант-Ла-Джоли қаласына полицейлер мен жандармдармен кездесу үшін келді, деп хабарлайды BFMTV. Сапар барысында ол тәртіпсіздіктердің ауқымы алдыңғы түнге қарағанда "әлдеқайда азайғанын" және Иль-де-Франстың кейбір аудандарында жағдай түзелгенін айтты. Алайда Марсель мен Лионда зорлық-зомбылық әрекеттері байқалады.

Жұма күні кешке Марсель мэрі Бенуа Паян ел билігін қалаға "қосымша тәртіп сақшыларын жіберуге" шақырды. "Марсельдегі тонау мен зорлық-зомбылық әрекеттері дереу тоқтатылуы тиіс. Мен бұл бұзақылық әрекеттерін қатты айыптаймын", - деп жазды ол Twitter-де.

Жалпы тәртіпсіздіктер басталғалы бері тұтқындалғандардың жалпы саны 1500-ден асты, олардың көпшілігі 13-14 жаста. 79 полиция қызметкері зардап шекті, 234 ғимарат өртенді немесе зақымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу