Франциядағы зейнетақы әлегі - жаңа наразылықтар

371

Франциядағы төрт сұйытылған табиғи газ терминалының үшеуінің қызметкерлері Үкімет ұсынған зейнетақы реформасына наразылық ретінде жеті күнге жұмысын тоқтатты. 

Франциядағы зейнетақы әлегі - жаңа наразылықтар Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы дүйсенбіде BFM телеарнасы "Жалпы Еңбек конфедерациясы" кәсіподағы (CGT) жанындағы Elengy энергетикалық компаниясы қызметкерлерінің бірлестігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Екі терминал республиканың оңтүстік-шығысындағы Фос-сюр-Мер коммунасында (Буш-Дю-Рон департаменті), үшіншісі елдің батысындағы Сен-Назер қаласында (Атлантикалық Луара департаменті) орналасқан.

Хабарламада газ GRTgaz француз газ операторының тарату желісіне берілмейтіні, СТГ танкерлерін түсіру мен тасымалдау цистерналарын толтыру жүргізілмейтіні атап өтілді.

СТГ-ның төртінші терминалы Францияның солтүстігіндегі Дюнкерк коммунасында орналасқан. Оның жұмысы тоқтатылатыны туралы хабарланған жоқ.

Бұған дейін CGT басшысы Филипп Мартинес Le Journal du dimanche апталығына берген сұхбатында 7 наурызда "Франция  көтеріледі” деп уәде беріп, билік ұсынған зейнетақы реформасы жобасымен келіспейтіндігін білдірді. Оның айтуынша, "миллиондаған адамның қатысуымен" өтетін 260-тан астам наразылық акцияларына дайындық жүргізілді. Сонымен бірге, BFM елдің ІІМ сарапшыларының ішкі болжамдарына сілтеме жасай отырып, көшегі 1,1-ден 1,4 миллион адамға дейін шығуы мүмкін екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу