Франциялық клуб Твумасиді сатып алу үшін "Астанаға" ресми ұсыныс жасады

742

Франциялық клуб Твумасиді сатып алу үшін "Астанаға" ресми ұсыныс жасады

Франциялық "Кан" футбол клубы "Астана" және Гана құрамасының шабуылшысы Патрик Твумасиді сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Францияның белді басылымдарының бірі L'Equipe хабарлайды, деп жазады vesti.kz. 
Франция біріншілігінде 12-орында келе жатқан "Кан" екінші бір ганалық шабуылшы Маджид Уорристі сатып ала алмағаннан кейін, назарын қайта Твумасиге аударып отыр. 
L'Equipe басылымының жазуынша, соңғы күндері "Кан" басшылары "Астанамен" бірнеше келіссөз өткізіп, ресми ұсыныс та жасапты. Трансфер бір миллион еуроға бағаланып отыр. Келісімшартқа бірнеше күннің ішінде қол қойылуы мүмкін. 
Бұған дейін Твумасиге тағы бір франциялық клуб – "Нанттың" қызығып отырғаны туралы белгілі болған. Сонымен қатар елордалық клубтың шабуылшысы мәскелуік "Спартак", германиялық "Штутгарт", түркиялық "Гезтепе", шотландиялық "Селтик" және жапониялық клубтарың қызығып отырғаны туралы жазылғған еді. 
Твумасиді сатып алуға басты үміткер – "Бурсаспорт" болды. Бірақ түркиялық клуб Твумаси үшін үш миллион еуро төлеуден бас тартты. 
23 жастағы шабуылшы "Астана" сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол ел біріншілігінде 30 кездесуге қатысып, 14 гол және 5 нәтижелі пас берді. Чемпиондар лигасында алты кездесу өткізіп, бес гол соқса, Еуропа лигасында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген. 
Қазір Твумаси "Астанамен" бірге БАӘ жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Өткен аптада мәскелуік "Спартак" клубына қарсы өткен жолдастық кездесу ол негізгі құрамда алаңға шыққан болатын. Бірақ жарақат алып, бірінші таймның ортасында алаңнан кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу