Францияның футболдан жеңісінен кейін Еуропа елдерінде тәртіпсіздіктер басталды

533

Франция-Марокко футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчы 2:0 есебімен аяқталғаннан кейін Франция мен Бельгияны тәртіпсіздіктер толқыны дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып. 

Францияның футболдан жеңісінен кейін Еуропа елдерінде тәртіпсіздіктер басталды Фото: aa.com.tr

Соңғы ысқырықтан кейін-ақ әлеуметтік желілерде Париждің орталығындағы, Ланседегі, Амстердамдағы және басқа қалалардағы тәртіпсіздіктер туралы бейнежазбалар пайда бола бастады.

Француз Авиньоны мен Ниццада, сондай-ақ Брюссельде үлкен тәртіпсіздіктер тіркелді. Бельгия астанасының тұрғындарының бірі өз балконынан Франция туын алып тастауға мәжбүр болды, өйткені марокколықтар үйді таспен лақтырған.

Француз Монпельесінің орталығында полиция тәртіпсіздіктердің басталуына байланысты жанкүйерлерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, деп хабарлайды Midi Libre газетінің сайты.

Парижде полиция қақтығыстар болатынын алдын-ала болжап дайындалды, өйткені өткен аптада ширек финалда Марокконың Португалияны жеңгеннен кейін жанкүйерлер арасында төбелес болды.

"Бүкіл ел бойынша 10 мыңға жуық полиция жұмылдырылды, оның 5 мың қызметкері Париждің айналасындағы Иль-де-Франс аймағында және Парижде 2,2 мыңға тәртіп сақшылары орналастырылды, бұл әлем чемпионатының алдыңғы негізгі матчтарынан екі есе көп", - деді Ішкі істер министрі Жеральд Дарманин.

Бельгияда 100-ге жуық футбол жанкүйерлері Брюссельдің орталығында полициямен қақтығысқа түскен.

Брюссельдің Оңтүстік вокзалының жанына жиналған жанкүйерлер отшашулар мен басқа да заттарды қорғаныс құралдарын киген полиция қызметкерлерінің қатарына лақтырып, бірнеше қоқыс дорбалары мен картон қораптарын өртеп жіберген. Полиция оларға қарсы су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу