Француз Альпісінде қар көшкіні салдарынан 4 адам қайтыс болды

434

Қар көшкіні туралы ескерту жергілікті уақыт бойынша 11:27-де түскен. 

Француз Альпісінде қар көшкіні салдарынан 4 адам қайтыс болды Фото: img5.eadaily.com

Жексенбіде Францияның батысындағы Ле-Контамин-Монжуа қаласының маңындағы Армансетт альпілік мұздықтан түскен көшкін кем дегенде төрт адамның өмірін қиды, тоғызы зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Le Point газетіне сілтеме жасап.

Le Dauphine Liberated басылымы қар көшкіні туралы ескерту жергілікті уақыт бойынша 11:27-де (Астана уақытымен 15.27) түскенін жазады. Оның ені 100 метрге, ұзындығы 1000  метрге жетті, жергілікті билік хабарлағандай, іздеу-құтқару жұмыстары түнде тоқтатылып, таңертең қайта басталады.

Көшкінге байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон сөз сөйледі.

"Альпідегі Армансетт мұздығындағы көшкін, өкінішке орай, адам өліміне әкелді. Біз олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қалған адамдарды қар арасынан табу үшін бар құтқару күштерін жұмылдырамыз", — деп мәлімдеді Франция көшбасшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу