Француз билігі қазақстандық студенттердің қатарын көбейтуге ниетті

870

Француз билігі қазақстандық студенттердің қатарын көбейтуге ниетті

Францияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің қатарын 2020 жылға қарай 1 мыңға жеткізу көзделуде. Әзірге еуропалық мемлекетте біздің елдің 600-дей жасы білім алуда, деп хабарлайды khabar.kz.

Француз билігінің қазақстандық студенттерді көбейтуге деген ниетін түсінуге болады. Себебі Қазақстанда француз тілін білетін мамандар азайған. Мәселен, бұдан 10 жыл бұрын Қазақстанда француз тілінің оқытушылары 2 мыңдай болса, бүгінде ол 4 есе азайып, 250-і ғана қалған.

"Біз Қазақстанмен кәсіби мамандар даярлау жөнінде ынтымақтаса жұмыс істегіміз келеді. Ал шәкіртақының жаңа бағдарламасын жасауға мүмкіндік бар. Ол Франция мен "Болашақ" бағдарламасы жағынан да ойластырылады", - дейді Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу