Француз ғалымы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

537

Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев Монтеро коммунасына Францияның еңбек сіңірген ғалымы, Қазақстанның байырғы және адал досы Жак Моньемен кездесу үшін барды.

Француз ғалымы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

95 жастағы француз қоғам қайраткері көп жылдар бойы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласында активист болды. Осы тұрғыда ол Қазақстанға алғаш рет 1989 жылы адам мен табиғат үшін ядролық сынақтардың салдарын жоюға арналған конференцияға қатысу үшін сапармен келген еді.

1997 жылдың басында доктор Монье Сена-и-Марна департаментінде "Франция-Қазақстан" достық қауымдастығын құрып, Францияның осы аймағының тұрғындарын тәуелсіздігіміз таңында елімізбен таныстырды.

Екіжақты байланыстарды нығайтуға және Франциядағы Қазақстан имиджін ілгерілетуге қосқан елеулі жеке үлесі үшін Елші Жак Моньеге "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалін тапсырды.

Монтеро қаласының "Château des Amеndes" тарихи ғимаратында ұйымдастырылған салтанатқа осы коммунаның Мэрі, Иль-де-Франс астаналық аймағының Вице-президенті Джеймс Шерон, Жак Моньердің отбасы мен жақын достары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу