Француз компаниясы Өзбекстанда екі гибридті күн-жел электр станциясын салады

281

Екі өңірдегі станциялардың жалпы қуаты – 623 МВт.  

Француз компаниясы Өзбекстанда екі гибридті күн-жел электр станциясын салады Фото: podrobno.uz

Францияның Voltalia компаниясы Өзбекстан үкіметімен екі гибридті күн-жел электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Екі өңірдегі станциялардың жалпы қуаты – 623 МВт.

Біріншісі – Навои қаласының маңында салынатын ауқымды гибридті жаңартылатын энергия паркі. Екінші жоба – Хорезм облысында жүзеге асырылады.

Жақында Франция президенті Эмманюэль Макронның Өзбекстанға сапары кезінде тараптар жобаны дамытуға уағдаласқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу