Француз журналисі қазақ тура­лы кітап жазды

901

Француз журналисі қазақ тура­лы кітап жазды

Француз тілінде жарық көрген қызықты туынды "Kazakhstan. Jeune nation entre Chine, Russie et Europe" ("Қазақстан. Қытай, Ресей, Еуропа тоғысындағы қуатты мемлекет" деп аталады. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды .

Француз журналисі Лиз Барсел­лини біздің байтақ дала­мыз, тәуелсіз Қазақстан тура­лы кітап жазып шықты. Жаңа кітаптың тұсаукесері жуырда Қарағанды қаласында өтті. Француз тілінде жарық көрген қызықты туынды "Kazakhstan. Jeune nation entre Chine, Russie et Europe" ("Қазақстан. Қытай, Ресей, Еуропа тоғысындағы қуатты мемлекет" деп аталады.

Жалпы, Лиз Барселлини екі жылдан бері Қазақ­­­­стан­­ның тұрғыны. Ол осы уақыт ара­­лығында қазақ тілін бірша­ма мең­геріп, кітап­ты дала қазақ­тары­­мен сұх­бат негізінде жазған. Қазақ хал­қы­­ның, оның ішінде өршіл жас астана­лық­тардың асқақ рухы, бағзыдан келе жатқан қалың­дық ұрлау дәстүрі мен қымыз дайындау тех­нологиялары сияқ­ты тақы­рыптар кітап мазмұнын байыт­қан. 

Кітап жазу барысында шетел­дік жур­­налист қазақтан шыққан 50-ге тар­­та белгілі тұлғамен сұхбат құр­­­­ған. Олардың қатарын­да ақын Олжас Сү­лей­менов, ба­тыр, ға­рыш­­кер Тоқтар Әубәкіров, су­­рет­­­­ші Кәр­іпбек Күйіков, жыршы Ұл­­­­жан Бай­­­босынова сынды танымал тұл­ғалар бар. Сондай-ақ, журналист шығар­машы­лық жұмысы бары­сын­да қазақ­стандық қоғам қайрат­кер­лері­­нің әлеуметтік желіні сауат­ты пай­да­ланып, қажеттеріне дұрыс жаратып отыр­­ған­дығын айтады. Оның айтуын­ша, Фран­цияда кейіпкеріңмен сұхбат құру үшін әлеуметтік желіде кез­десу уақытын, орнын белгі­леп, әңгі­мелесу түрі кеңінен дамымаған.  Қазіргі таңда Лиз Барселлини Қара­ған­дыдағы Француз альян­сы­ның фи­лиа­лында француз тілінің мұғалімі болып жұмыс істеп жатыр. Кітаптың Астанадағы тұсау­ке­сері 17 маусым күні өтпек. Ал күзге қа­рай Париж кітапхана­ларына жол тартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу