Француз журналы Путиннің карикатурасын жариялады

706

Журнал нөмірінің сатылымынан түскен қаражат Украинаның Қарулы Күштеріне жіберілмек. 

Француз журналы Путиннің карикатурасын жариялады

Әйгілі француз сатиралық журналы Charlie Hebdo өзінің жаңа шығарылымын Украинаға арнап, украиналық карикатуршылардың шығармаларын жариялады. Одан түскен қаражат Украинаның Қарулы Күштеріне жіберілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

25 мамырда жарияланған бұл нөмірде Одесса карикатуршылары қауымдастығының жұмыстары көрсетілген.

"Зымырандарға күлкі арқылы жауап беріңіз. Charlie Hebdo сатиралық журналы Ресейдің шабуылына қарамастан өз жұмыстарын істеп жатқан украиналық карикатуршыларды құрметтейді, олардың еңбектерін жариялау арқылы қолдауымызды көрсетеміз", – деп жазылған хабарламада.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу