Франкфурт автокөрмесі құрдымға кетіп барады

862

Көрмеге қызығушылықтың төмендеуінен ұйымдастырушылар форматты өзгертуге мәжбүр.

Франкфурт автокөрмесі құрдымға кетіп барады

Концерндердің автокөрмелерді жатырқау тенденциясы IAA-ға тиіп кетті. Toyota, Peugeot, Citroen, Nissan, Kia, Volvo, Ferrari мен Fiat өз өнімдерін Франкфуртта көрсетуден бас тартты. 

Шоуға қатысқан компаниялар санаулы модельдерімен келді. Жарнама бюджеті де азайған. Мысалы, Daimler өзінің экспозиция аумағын жылдағыдан 30%-ға кішірейтті. BMW үштен екісін қысқартты. Автоөндірушілер көрмеге қатысқаннан көрі жеке премьера ұйымдастырғанды жөн санайды. 

Automotive News сайтының хабарлауынша, Франкфурт автокөрмесінің ұйымдастырушылары концепцияны түбегейлі өзгертпек. Келешекте шоудың идеясы көбірек жаңа модель көрсетуге негізделмейді. Мұнда көрермендердің белсенділігін арттыру көзделеді. Көрмедегі локациялардың ауысып, презентациялар қысқа шоу түрінде ұсынылуы маңызды болып тұр. Яғни, келесі IAA Франкфуртта ғана емес Германияның бірнеше қаласында өтуі мүмкін. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу