Freedom holding corp. еншілес компанияларының рейтингі b/b деңгейіне дейін көтерілді

664

Бұл туралы S&P Global Ratings халықаралық агенттігі жариялады. 

Freedom holding corp. еншілес компанияларының рейтингі b/b деңгейіне дейін көтерілді Фото: 7kun.kz

Холдингке қарасты қаржылық ұйымдардың эмитенттерінің, яғни компаниялардың қызметіне жүгінген заңды тұлғалардың  ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері B -  деңгейінен  B деңгейіне дейін көтерілген деп жазады inbusiness.kz. naryk.kz ақпарат порталына сүйеніп.

Осылайша  "Фридом Финанс" АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd және "Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ жаңа деңгейде.

Freedom Holding Corp. (FRHC) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері B- деңгейінде екені расталды. Компаниялардың рейтингтері "тұрақты" болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, агенттік операциялық еншілес компаниялардың қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері де B деңгейіне көтерілгенін айтты.

Мәселен "Фридом Финанс" АҚ-тың және "Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ-тың рейтингтері kzBB деңгейінен kzBB+ деңгейіне дейін жоғарлады.

S&P Global Ratings ресми хабарламасында: "Санкциялармен байланысты FRHC үшін тәуекелдер топтың ресейлік еншілес компанияларын ойдағыдай сатқаннан кейін біршама азайды деп санаймыз. Сол уақытта Холдинг негізгі клиенттерді сақтап, оларды Freedom Finance Global-ға көшіре алды. Нәтижесінде, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректерге сәйкес, топтың 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 225 мың шотпен салыстырғанда оң теңгерімі бар  шамамен 196 мың шоты қалды, біз оны сәл ғана азайды деп санаймыз. Жалпы алғанда, FRHC тобы 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған тоғыз ай ішіндегі капиталдың кірістілігі 30%-дан асатын жоғары табыстылықты сақтап қалды", делінген.

Құжатта агенттік сондай-ақ FRHC компаниясының бірігу және қосылу белсенділігіне қарамастан, барабар капитал деңгейін сақтауы мүмкін екенін атап өтті.

"FRHC, "Фридом Финанс" АҚ, Freedom Finance Europe Ltd, Freedom Finance Global PLC және "Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ рейтингтері бойынша "Тұрақты" болжам алдағы 12 - 18 айда топ пайда табудың жоғары қабілетін сақтайды деген үмітімізді көрсетеді, бұл ретте активтерді сатып алу кезінде капиталдандырудың кем дегенде барабар көрсеткіштеріне қолдау көрсетеді", деп атап өтті агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу