Футбол жанкүйерлері арасында "футболшы матрешкаларға" сұраныс артқан

1217

Футбол жанкүйерлері арасында "футболшы матрешкаларға" сұраныс артқан

Әлем чемпионаты қарсаңында Ресейде небір ерекше кәдесыйлар сатылымға шығарылған болатын. Олардың арасында әсіресе, футболшы матрешкаларға деген сұраныс өте жоғары. Яғни шетелдік жанкүйерлер көбіне дәл осы орыс халқының ұлттық қуыршақтарын сатып алып жатыр.  Өйткені, әр қуыршаққа байрақты бәсекеге жолдама алған құрамалардың футболшылары бейнеленген. Сәйкесінше әр жанкүйер дүкендерден өзінің сүйікті ойыншысын іздеп әлек, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионатына миллионнан аса шетелдік қонақ келеді деп күтіліп отыр.

"Бұл өте керемет сыйлықтар. Әр матрешкаға әлем чемпионатына қатысып жатқан әртүрлі ойыншылар жасырынған. Бұл сатып алғандар үшін мәңгі естелік болып қалады", - дейді Аргентина құрамасының жанкүйері Тони Ванникола. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу