Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты бірден үш мемлекетте өтеді

1004

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты бірден үш мемлекетте өтеді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын үш ел қабылдайды. Мәскеуде өткен ФИФА конгресінде 2026 жылғы доп додасы АҚШ, Канада және Голландияда өтеді деп шешілді, деп хабарлайды olympic.kz.

Бұл елдерден бөлек, чемпионатты өткізуге Марокко өтініш білдірген болатын. Ұйымдастырушылардың таңдауы үш елге түсті.

Тарихта тұңғыш рет әлем чемпионаты бірден үш мемлекетте өткелі отыр.

Турнир жалпы 23 қалада өтеді. Әлем чемпионатының матчтарын Мексиканың Мехико, Гвадалахара, Монтеррей қалалары, Канаданың Эдмонтон, Торонто, Монреаль қалалары және АҚШ-тың Нью-Йорк/Нью-Джерси, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон, Бостон, Цинциннати, Нэшвилл, Атланта, Орландо, Майами, Хьюстон, Даллас, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Денвер, Канзас-Сити, Сиэтл қалалары қабылдайды.

Еске сала кетейік, бүгін Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталады. Ал 2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу