Футболдан әлем чемпионатын өткізетін елдердің бірінде ереуіл басталды

270

Мексикада мұғалімдер жалақыларын көтеруді талап етіп көшеге шықты.  

Футболдан әлем чемпионатын өткізетін елдердің бірінде ереуіл басталды Фото: theguardian.com

Еңбекақыларын өсіруді талап еткен ұстаздар алдағы футболдан Әлем чемпионатының матчтарын өткізуге кедергі келтіретіндерін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұғалімдер кәсіподағының өкілдері 2 маусымда талаптарын талқылау үшін елдің Мексиканың Ішкі істер және Білім министрлерімен кездесті. Ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыс салдарынан 10-нан астам адам түрлі жарақат алды.

Келіссөздер жүріп жатқан уақытта шеруге шыққандар Мехико қаласындағы басты магистральдарының бірін жауып, Әлем чемпионатына қатысатын әртүрлі елдердің футболшылары бейнеленген мүсіндерді құлатты.

Кәсіподақ жалақыны 9%-ға өсіру туралы бастамамен мүлдем келіспей отыр. Сондықтан кездесу қорытындысы бойынша қос тарап ортақ мәмілеге келе алмады. Енді кәсіподақ мүшелері Мексика президентімен тікелей кездесуді талап етті.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. 11 маусым күні әлемдік доданың ашылу салтаны Мехико қаласында басталады. Алғашқы матч Мексика мен Оңтүстік Африка арасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу